$ 494.87  520.65  4.91

Абайдың туған күні тойланды

Өскеменнің орталық алаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 169 жыл толуына орай «Абай күні» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Шараны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің басқармалары және қала әкімдігі ақынның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне, тарихқа деген құрмет пен қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырды.

Аталмыш шарада жергілікті танымал әншілер ақынның әндерін орындады. Өзге ұлт жастары арасында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін Абай оқулары байқауының жеңімпаздары ақынның өлеңдерін оқыды. Биыл екінші жыл өткізіп отырған орталық алаңдағы шарадан бөлек барлық мәдениет мекемелерінде «Абай күніне» арналған бірнеше көрмелер өткен. Келер жылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойын кеңінен атап өту облыс әкімдігінің жоспарында бар. Әрі мұндай шаралар жылда болатын дәстүрлі мерекеге айналдырмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары