$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысы 54,5 млн теңгеге бәйге өткізбекші

Су тасқыны облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына ауқымды шара өткізуге кедергі келтірмейтін сыңайлы.

Фото: www.inalmaty.kz
Фото: www.inalmaty.kz

Ел су тасқынынан есін жинай алмай жатқанда Атырау облысының әкімдігі «Ұлы дала тұлпары» жарысын өткізуге байқау жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы egov.press ақпараттық телеграм каналына сілтеме жасап.

Су тасқыны салдарынан ауыр жағдайға түскен өңірлердің бірі – Атырау. Бірақ бұл жағдай облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына ауқымды шара өткізуге кедергі келтірмейтін сыңайлы.

ҚР Мемлекеттік сатып алу сайтында аталмыш басқарма 54,5 млн теңгеге «Ұлы дала тұлпары» бәйгесін өткізуге байқау жариялаған. Байқауға өтініш қабылдау сәуір айының 9-да басталған. Үміткерлер осы айдың 30-на дейін өтініш қалдыра алады.

Жарнама «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде  облысаралық «Ұлы дала тұлпары» сайысын ұйымдастыру және өткізу қызметтері» деген атаумен берілген.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары