$ 443.37  474.49  4.83

Дубайда қатты жауған нөсердің соңы тасқынға ұласты

Қаланың көптеген жерінде су тізеге дейін жетті.

Фото: travelpress.kz
Фото: travelpress.kz

Толассыз жауған қатты жауынның салдарынан Дубайды су басты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласында ауа райына байланысты қаладағы метро қатынасы үзіліп, көптеген ғимараттар мен аудандарда электр қуаты өшіп қалған.

Қолайсыз ауа-райына байланысты Дубай мемлекеттік қызметкерлері мен жеке мектеп оқушылары қашықтан жұмыс істеу режиміне өткен.

Сондай-ақ билік жеке компанияларды қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Қаланың көптеген жерінде су тізеге дейін жетті.

Әуежайды  су басуына байланысты қалада 17 рейс тоқтады. Қазақстанға қатынайтын KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары