$ 478.58  520.84  5.44

«Дала қырандары» Орал қаласына көмекке барды (ВИДЕО)

Орал қаласына көмекке келген «қырандардың» ішінде бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те бар.                

«Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Орал қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектесуге барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Дала Қырандары» — бұл Қазақстан патриоттары жастар қоғамдық бірлестігі. Олар қоғамдық өмірде өзара көмек пен өзін-өзі жүзеге асыру үшін белсенді жастарды біріктіруді мақсат еткен.

Орал қаласына көмекке келген «қырандардың» ішінде бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те бар.

«Мен бүгін Орал қаласына, өзім туып-өскен жеріме келдім. Осындай қиын-қыстау заманда кішігірім болса да қол ұшымды беріп, ат салысып кетейін деген мақсатпен келдім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді танымал спортшы.

«Дала қырандарының» Орал қаласына сапарын осы жерден көре аласыздар.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары