$ 494.87  520.65  4.91

18-ге толған екі мыңға жуық қазақстандық ұлттық қордан өз үлесін алды

Оның барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей сома есептелген.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Кәмелетке толған қазақстандықтар 199 323,1 АҚШ долларын «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында пайдаланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады.

Оның ішінде баспана жағдайын жақсарту мақсатында — 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім ақысын төлеу үшін — 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны — 6 919 131 бала.

Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.

Оның барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей сома есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары