$ 443.37  474.49  4.83

Салтанат көз жұмған күні Путиннің делегациясы Bau-ға келмек болған

Бүгін сот отырысының соңында судья Айжан Көлбаева тергеу барысы соңына жақындағанын мәлімдеді.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Астанада Бишімбаевқа қатысты сот отырысында бүгін қылмыстық істің материалы ретінде айыпталушы Бақытжан Байжановтың  телефонындағы хаттар оқылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Байжановтың хаттары арасында 9 қарашада ресторан әкімшісі Қарлығашқа "бүгінгі банкеттерден бас тарту керек" деп жазғаны оқылды. Оған жауап жазған Қарлығаш аудиомен "мен қалай бас тартамын? Бұл Путиннің делегациясы болады" деп аудио жауап қайтарған.

Байжанов тергеуде 9 қарашада Астанада Ресей президенті болғанын және оның делегациясы сол күні "Bau" мейрамханасында VIP-кабинаны брондағанын түсіндіріп айтты.

Адвокат Жанна Оразбақова Ресей президентінің делегациясы болатынын біле отырып, сотталушылар Салтанаттың денесін мейрамханадан шығара алмаған деген ойымен бөлісті. Алайда судья бұл тек адвокаттың тұжырымы деп ескерту жасады.

Бүгін сот отырысының соңында судья Айжан Көлбаева тергеу барысы соңына жақындағанын мәлімдеді.

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы дүйсенбі күні, 22 сәуірде, сағат 09:30-ға шегерілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Сотта Байжанов телефон соққан дәрігер жауап берді 

 Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған елге белгілі бас имам жазаланды

Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмаған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары