$ 443.44  480.51  4.88

Роза Рымбаева құрметті атаққа ие болды

Астанада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті. 

Фото: ҚР Баспасөз қызметі
Фото: ҚР Баспасөз қызметі

Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттауды ғасырлар бойы қалыптасқан достықтың, ортақ мәдениеттің, ынтымақтастықты дамытудың белгісі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі белсенді дамытуға бағытталған қадам ретінде қарастыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kazinform-ға сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мына адамдар марапатталды:

"Данакер" орденімен:

  • Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы;
  • Мұхтар Шаханов – ақын, дипломат, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі.

"Достық" орденімен:

  • Сауытбек Әбдірахманұлы Әбдірахманов – публицист, әдебиеттанушы, журналист, кино сыншысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты;
  • Мырзатай Жолдасбеков – Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы;
  • Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі;
  • Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Астана қаласының әкімі;
  • Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
  • Бауыржан Жұмаханұлы Омаров – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор;
  • Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры.

"Даңқ" орденімен:

  • Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова – Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті.

"Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағымен:

  • Алтынбек Қоразбаев – кеңестік және қазақ композиторы, әнші;
  • Роза Қуанышқызы Рымбаева – кеңестік және қазақ эстрада әншісі және кино актрисасы.

Даңқ медалімен:

  • Дидара Күлкенова – Қазақстан Республикасы "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас директоры – редакторлар кеңесінің төрайымы;
  • Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркенов – Қазақстан Республикасы, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
  • Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасымен:
  • Нұрлыбек Саматұлы Сафин – "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы;
  • Ерлан Батташұлы Сыдықов – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры.
  • Ербол Жақсыгелдіұлы Хабылбеков – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары