$ 494.87  520.65  4.91

«Мүфтият заңға пысқырмайды»: Белгілі журналист Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам туралы

Екі некені де бір мешітте, бір молда қиған. Ақшасын берсе имамдарға да бәрібір болып тұр ғой.

Фото: islam.ru
Фото: islam.ru

Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың некесін екі рет қиған имамды сынады. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Салтанат пен Бишімбаевтың некесін екі рет қиған имам жазаланыпты. Жазаланғанда жұмыстан қуылмаған, ескерту берілген.Сотта Бишімбаев Салтанатқа үш рет талақ айтып, ажырасқанын, сосын қайтадан мешітке барып қидырғанын айтқанда таңғалған ем. Екі некені де бір мешітте, бір молда қиған. Ақшасын берсе имамдарға да бәрібір болып тұр ғой. (көпшілік періште көретін)
Әйтпесе, ең болмаса екінші рет келгенде айтпай ма, “айналайындар, неке сендерге ойыншық емес, заңды куәліктеріңді алып келіңдер” — деп. Мүфтият заңға пысқырмайды деген сөз, деп жазды журналист.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары