$ 494.87  520.65  4.91

«Көп нәрсе ұқтым»: Прокурор Айжан Аймағанованың желідегі жазбасы көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Бір айтып кететін жағдай: адам болып өмірге келген соң адам болу - міндет.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы қызметін атқаратын Айжан Аймағанова Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, әсерлі жазба қалдырған, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Парақшамды ашқан кезде, маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек менің атымнан жалған парақшалар ашылып кетпесе екен деген мақсатым болды. Бұл менің әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым, менде тик-ток жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай парақшам осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым», - деп жазды прокурор.

Ол жеке парақшасына жазылған әрбір оқырманына алғыс айтқан. Сонымен қатар «өмірге адам болып келген соң, адам болып кету – парыз» деген ойын да жазған.

Мен сіздердің қолдауларыңыз, кеңестеріңіз, қамқорлығыңыз үшін әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді!
Өмірде қолданатын көп нәрсе ұқтым. Бір айтып кететін жағдай: адам болып өмірге келген соң адам болу - міндет. Сондықтан болып жатқан істерге бей-жәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы- жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол үшін беріп көмектесейік.

Бүгінде прокурор Айжан Аймағанова Instagram-дағы парақшасында 231 мың оқырман бар. Ал бүгін жариялаған видеосын 302 мың адам тамашалап үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары