$ 494.87  520.65  4.91

Астана әуежайында 400 млн теңгенің бұйымын заңсыз әкетпек болған

Қазақстаннан 10 000 доллар баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған. 

 

Фото:
Фото:

Елорда әуежайында жыл басынан бері 400 млн теңге мен алтын құймаларды заңсыз сыртқа шығару әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша МКД "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде жалпы құны 400 миллион теңгеден астам валютаны заңсыз әкетудің 22 фактісін құрықтады, - делінген хабарламада.

Мысалы, жыл басында "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында "Астана-Ыстамбұл" халықаралық рейсін кедендік бақылау кезінде 74 миллион теңгеден астам сомаға шетелдік валютаны заңсыз әкетпек болған Қазақстан Республикасының азаматы құрықталды.

Бұл ретте Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 172 млн теңгеден астам сомаға 3 материал, әкімшілік құқық бұзушылық белгілерімен 281 млн теңгеге 19 факті, онда айыппұл сомасы 664 560 теңгені құрады.

Сонымен қатар  азаматтар жалпы салмағы 433 грамм алтын құймаларын және жалпы салмағы 3000 грамм коллекциялық монеталарды (құны 70 миллион теңгеден астам) заңсыз әкету бойынша заң бұзушылыққа жол берген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің Ұлттық банкі шығарған, Қазақстаннан 10 000 доллар баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын және алтын құймаларын, инвестициялық монеталарды және т.б. әкетуге тыйым салынғанын еске салады, жоғарыда аталған нормаларды бұзғаны үшін бұзушылыққа қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыстықіс