$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде пара алған полиция қызметкері подполковник шенінен айырылды

Сотта айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Өскемен қаласында пара алғаны үшін құрықталған полиция қызметкері 3 жарым млн теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол айып тұрағына қойылған автокөліктерді қабылдау-тапсыру актілерін және алуға рұқсаттарды заңсыз бергені үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді.

Кәмелетке толмаған балаларының бары ескеріліп сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды және полиция подполковнигі шенінен айырылды.

Сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды. Ол полиция подполковнигі шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген қалалық №2 сотыныңбаспасөз қызметі жариялаған хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары