Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның үшеуінде Рыбакина жеңген еді.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның үшеуінде Рыбакина жеңген еді.
Бұл жолы бастапқыда Швентек 2:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын өздеріне аудара алды – 6:3.
Екінші сетті Ига брейкпен тәмамдады – 6:4.
Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған сәтте Елена брейк жасап, ізінше өз геймін алды – 4:2.
Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.
Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 10 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың тек төртеуін пайдаланды.
Швентек эйс жасамағанымен, 2 брейкпен ерекшеленді.
Осылайша қазақстандық теннисші спорт жолында алғаш рет Штутгарт жарысының финалына жолдама алды.