Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
Атырауда полиция өртке оранған үйден 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ІІМ мәліметінше, 20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке келді.
Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыптанып қалған 2 қарияның пәтеріне есікті бұзып кіріп, қауіпсіз жерге шығарып үлгерді, - делінген мәліметте.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.