21.04.2024, 22:30

Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Фото: Ақорда

 Бұған дейін Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінде чемпион атанғанын хабарлаған едік. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінде чемпион атанғанын хабарлаған едік.