$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан TikTok-ты бұғаттай ма – Аида Балаеваның жауабы

Оның бәрі ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте, осындай шараларды қабылдауға тура келеді.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Tik Tok-ты бұғаттау туралы ұсыныстарға пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұғатталғанда, біз көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқық бұзу фактілері өте көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның бәрі ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте, осындай шараларды қабылдауға тура келеді. Бұл шешілген дүние емес. Әлі қарастырылып, одан кейін жалпы талқылауға шығарылатын мәселе, - деп жауап берді министр БАҚ өкілінің сауалына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары