23.04.2024, 02:30

3500 метр биіктікте мекендейтін жыртқыштар фототұзаққа түсіп қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Фототұзақтар жабайы жануарларға ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында қолданылды. 

Алматы қорығының оңтүстік шекарасында, теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте фототұзақтар орнатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фототұзақтар жабайы жануарларға ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні, Сібір тауешкісі және Гималай ұлар т.б жабайы аңдардың түрлері тіркелгені анықталған.

Ғылыми зерттеулер мен табиғатты тиімді қорғаудың басым бағыттарын анықтау үшін фототұзақтар құнды құрал болып табылады, - делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.