22.04.2024, 23:30

Ресей журналисі Бишімбаевтың сотына қалайша оп-оңай кіріп кетті

Фото: Жоғарғы Сот

Ал қазақстандық журналистер процесті арнайы қоршаудың артынан бақылайды.

Бүгін Бишімбаевтың кезекті сот отырысына ресейлік танымал журналист Ксения Собчак қатысқаны көпті таң қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өйткені ол сотта жәй қатыспады, зардап шеккен тараптың туыстарының жанында отырды. 

Ал қазақстандық журналистер процесті арнайы қоршаудың артынан бақылайды. Оларға сот залында отыруға тыйым салынады.   

Осыған орай бүгін Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ресейлік әріптестері қалайша сотқа кіргенін, министрліктен рұқсат алып-алмағанын нақтылап, сауал қойған еді.   

Балаева жағдайдан хабарсыз болғанын ашық айтты. 

Білмеймін, мен мұның мән-жайын білейін, өйткені өзім де бұқаралық ақпарат құралдарынан көрдім. Өздеріңіз белсенді түрде ол жерден ақпаратты таратып отырсыздар. Мен сот ісін қарап отырған жоқпын, тек сіздердің материалдарыңыздан білемін, - деді министр.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  Бишімбаев сотына Ксения Собчак келді