23.04.2024, 08:30

23 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

Фото: Pixabay

Республика бойынша жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК  23 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді.

Оңтүстік-батыста — шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — дауыл тұрады.

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын болмайды, күн ашық.