$ 441.66  475.14  4.86

Шавкат Рахмонов қызды болды

Спортшының үлкені алты жаста, екінші қызы төрт жаста, ал ұлы екі жаста екені белгілі.

Фото: shavkatrakhmonov94 инстаграм парақшасынан
Фото: shavkatrakhmonov94 инстаграм парақшасынан

UFC-де Қазақстан атын шығарып жүрген, мықты файтерлердің бірі Шавкат Рахмонов қызды болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бауы берік болсын" деген сүйінші хабар алдымен Sport_kar - дың Instagram-дағы парақшасында пайда болды, деп жазады Zakon.kz.

Қуанышты ақпаратты DAR PRO TEAM командасының баспасөз қызметі де растады. 

Танымал файтердің әйелі қыз баланы дүниеге әкелді, ол отбасындағы төртінші бала болды.

Шавкат Рахмонов - енді үш қыздың және бір ұл баланың әкесі. Спортшының үлкені алты жаста, екінші қызы төрт жаста, ал ұлы екі жаста екені белгілі.

Бұған дейін жартылай орта салмақта бразилиялық Гилберт Бернсті жеңгеннен кейін UFC рейтингісінде 11-орындағы австралиялық файтер Джек Делла Маддалена Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырғаны белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары