23.04.2024, 10:40

Су тасқынына бөлінген 1 млрд теңге ұрланған - ҚМА

Фото: ҚМА

Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Мұндай тапсырманы ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов берді. Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет, - деп тапсырды Дмитрий Малахов. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.