$ 494.87  520.65  4.91

«Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Танымал адвокат істің соңына болжам жасады

Оның айтуынша, кеше Қуандық Бишімбаев судьяға телефонының құпия кодын айта отырып, өзін-өзі ұстап берген.

Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Танымал адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Джохар Өтебеков экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты істің соңына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, кеше Қуандық Бишімбаев судьяға телефонының құпия кодын айта отырып, өзін-өзі ұстап берген.

«Әділдік деген сол – соңында Бишімбаев өзін өзі ұстап берді. Пиар-компания ұйымдастырып, сот процессі кезінде ақталып әлек болды. Мінезі құбылмалы болса да сабырлы күйінен таймады. Алайда, қылмыс күні мас күйінде видео түсіргені есінен шығып кетіп, кеше телефонының құпия кодын айтты. Міне, дәл сол кезде оның бетпердесі ашылды», - дейді Джохар Өтебеков.

Оның айтуынша, адвокат ретінде клиенттеріне үнемі жылы қарым-қатынас танытатын ол ешкімнің ауыр тағдырын жүрегіне жақын қабылдамайтын. Алайда, Салтанат Нүкенова мен ағасының қайғысы қабырғасын қайыстырған.

«Осыларды ескергенде, істің соңы қалай аяқталатынын алдын ала болжауға болады: 25 жыл (мүмкін тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылады). Байжановқа – 4 жыл», - деп жазды адвокат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары