Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін рейтингіде 248-сатыдағы тағы бір америкалық Итан Куиннмен сынға түседі.
Қазақстандық, әлемнің 234-ракеткасы Дмитрий Попко Саванна (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 462-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Бруно Кузухарамен өткізді.
Д.Попко 1 сағат 25 минутқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Ол 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Кузухараның еншісінде 2 эйс, 2 брейк (3 брейк-пойнт) бар.
Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін рейтингіде 248-сатыдағы тағы бір америкалық Итан Куиннмен сынға түседі.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 129-орындағы Михаил Кукушкин Мадрид мастерс турнирінің іріктеу сайысында әлемнің 83-ракеткасы, аргентиналық Федерико Кориадан жеңіліс тапты – 2:6, 6:4, 2:6. Бұл тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.