$ 494.87  520.65  4.91

Су тасқыны: Министр қандай жағдайда өтемақы қолдарына берілетінін айтты

Қоғамда жауапкершілігі бар немесе жауапкершілігі жоқ адамдар бар.

Фото: baq.kz / Нұркен Алишев
Фото: baq.kz / Нұркен Алишев

Үкіметтің баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға  өтемақы қалай берілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет ешқандай қаражатты ешкімге қолға бермейді. Әр адам әртүрлі. Қоғамда жауапкершілігі бар немесе жауапкершілігі жоқ адамдар бар. Қазіргі таңда үйді қайта салу үшін қолға қаражат берсек, ол адам жеке мақсатына жұмсаса, қыста ол адаммен не істейміз? Сондықтан мемлекеттің шешімі осындай, - деді министр.

Сөзінің жалғасында министр қандай жағдайда қаражат қолдарына берілетінін айтты. 

Үйді қайтып тұрғызады, болмаса әкімдік арқылы екінші нарықтан пәтерлер алады. Бірақ жөндеу жұмыстарын әкімдік пен құрылыс компаниялары жасайды. Әкімдік шешімі бойынша тек бірнеше өңірде қолдарына қаражат береміз. Бұл тек жөндеу жұмыстарына ғана, - деді Шарлапаев.

Айта кетейік, елімізде 5 мыңнан астам үй су астында қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары