24.04.2024, 00:30

Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды

Фото: qazaqstan.tv

Жергілікті синоптиктердің айтуынша, апта бойы жаңбыр жаумақ.

Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Өңірде 100-ге жуық үйді су басқан. Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив» порталының хабарлауынша, елдегі тас жолдардың бірінде көлікпен келе жатқан бір отбасы қаза тапқан. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, апта бойы жаңбыр жаумақ.