24.04.2024, 16:00

Тәуекел Мүсілім әкесіне арнап ас берді

Фото: stan.kz

Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Әке.

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әкесі Сабыр Мүсілімнің рухына арнап ас берді. Іс-шара әкесінің туған жері Темірланда өткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Сабырдың ұлы, тектінің көзі»: Тәуекел Мүсілім әкесі жайлы жан сырын ақтарды

Өнер иесінің сөзінше, ол әкесімен небәрі үш ай ғана тығыз араласқан. Себебі бала кезінде ата-анасы айырылысып кеткендіктен, Тәуекел анасымен бірге Алматыға кеткен.

Әкем тірі кезінде көзін көрген кісілер кездесіп қалып жатады. Сол кезде «сенің әкең батыр болған» деп мақтап қояды. Ол кісімен көп араласа алмадым. Бала кезімде ата-анамыз ажырасып кетті. Мен анамның қолында Алматыда қалдым, ол кісі Шымкентте болды. Анам әкеммен араласуға қарсы болған жоқ. Әкеммен үш ай ғана жақсы араластық. Мен 9-сынып оқып жүргенімде әкемнің қасында үш ай болдым, – дейді Тәуекел Мүсілім.

Бұған дейін Тәуекел әкесі Сабыр Мүсілімнің туған күнінде видео жариялап, оның тілге шешен болғанын жазып еді.

Мен өзімді әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Әкем көркем сөйлейтін, тілге шешен. Өнерді, поэзияны жаны сүйді. Маған үнемі жақсы оқы дейтін. Менің кей жерде тосылып, айтар ойымды жеткізе алмай қалатын жасық мінезім бар. Әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Мүмкін әке тәрбиесін көріп өскенде басқаша болар ма едім. Мені көргендер «Сабырдың ұлы, тектінің көзі» деп жатады. Әкемнің ұлы деген атқа лайық болсам деймін, – деді актер.

Актер әлеуметтік желідегі парақшасына ас берден видео жүктеп, Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Әке, деп жазба қалдырды.