24.04.2024, 18:40

Алматы облысында судья 4 жылға сотталып кетті

Фото: Антикор

Екеуі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық тексеруден өту шарттарына өзгеріс енгізіп берген.

Алматы облысында жемқорлық жасаған Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбеков сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дереккөзіне сүйенсек, судьяның пара алуына пристав делдал болған. Екеуі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық тексеруден өту шарттарына өзгеріс енгізіп берген. Судья бұл қызметі үшін 2 млн теңге пара алғаны хабарланып отыр.

«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деп хабарлайды Антикор.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.