$ 475.03  517.21  5.44

Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өтті

Бірінші партияда Юлия екі брейкпен қарсыласының қадамын аштырмады – 6:2.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Юлия Путинцева Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 37-ракеткасы, қытайлық Юань Юэмен сәтті өткізді.

Бірінші партияда Юлия екі брейкпен қарсыласының қадамын аштырмады – 6:2.

Есесіне екінші сетте қытайлық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Бірақ Путинцева дер кезінде жинала білді – 6:4.

Бір сағат 27 минутқа созылған бәсеке барысында ол 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Юань Юэ 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

Путинцеваның екінші айналымдағы қарсыласы бұдан да азулы болмақ. Ол әлемнің 8-ракеткасы, тағы бір қытайлық Чжэн Циньвэньмен сынға түседі.

Жарысты екінші айналымнан бастайтын Елена Рыбакина италиялық, әлемнің 46-ракеткасы Лючия Бронцетти немесе рейтингіде 91-орындағы франциялық Варвара Грачеваның біреуімен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары