$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот тергеуі аяқталды

Судья сот тергеуінің аяқталғанын айтып, сот талқысы үшін 29 сәуірге дейін уақыт берілетінін хабарлады.

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Елде резонанс тудырған оқиға – әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот тергеуі аяқталды. Бұл туралы Судья Айжан Құлбаева айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгінгі сот отырысы соңында судья айыпталушының позициясын нақтылау мақсатында сұрақ қойды.

Бишімбаев әйеліне жасалған соққылар оның өліміне әкелгенін мойындап, алайды “аса қатігездікпен адам өлтіру” және “азаптау” баптары бойынша кінәсін мойындамайтынын айтты.

Судья сот тергеуінің аяқталғанын айтып, сот талқысы үшін 29 сәуірге дейін уақыт берілетінін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары