$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда жаз бойы ыстық су болмайды

Каспий жағасындағы шаһарда жылу құбырларының 80%-і тозып тұр.

Фото: vk.com
Фото: vk.com

Себебі қаланың орталық жылу жүйесінде күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы 24KZ сайтына сілтеме жасап.

Жауапты мамандар осындай шектеу шаралары арқылы алдағы жылу беру маусымына дайындық жасамақ. Каспий жағасындағы шаһарда жылу құбырларының 80%-і тозып тұр. Соның салдарынан өткен жылыту маусымында облыс орталығында 700-дей апат тіркелді.

Айта кетсек, магистральды құбырдың жалпы ұзындығы – 44 шақырым. Бұған дейін ауқымды жөндеу жұмыстары жасалмаған.

Бұған дейін бұл тек ішінара авариялық жағдай болғанда кетіп тұрған жерлерін оңдау, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ең негізгі жұмыстар енді басталып жатыр. Сол себептен қыста жылу мен ыстық сумен болғыңыз келсе, біз қазір жұмыс атқаруымыз керек. Жылыту маусымына дейін үлгеруіміз керек, - деді облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары