Жанында отырған әйелі Альмира Нұрлыбекқызы «қазақша оқысайшы» десе де, дұғаны орысша жалғастырған Уәлихан Бишімбаевтың әрекетін сынап пікір жазған желі қолданушысы көп.
ТикТок әлеуметтік желісінде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың видеосы тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода соты өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әке-шешесін байқауға болады. Оларды видеоға кім түсіріп отырғаны белгісіз. Атышулы сотқа Ресейден арнайы келген нейропсихолог Грейс Бишімбаевтардың отбасында қонақта болған деген сыбыс бар. Видеоның авторы да мәскеулік нейропсихолог секілді.. Әлеуметтік желіде тараған жазбада Уәлихан Бишімбаев Құранды орысша оқып, дұға жасайды. Жанында отырған әйелі Альмира Нұрлыбекқызы «қазақша оқысайшы» десе де, дұғаны орысша жалғастырған Уәлихан Бишімбаевтың әрекетін сынап пікір жазған желі қолданушысы көп.
«Орысқұлдар», «Құранды орысша оқығаны несі», «Осындай адамның баласы ғой Қуандық» дескен пікірлер көптеп жазылуда.