26.04.2024, 16:20

Атыраудағы екі бала көз жұмған пәтер өртіне қатысты тың дерек шықты

Фото: instagram/atyrau_tjd

Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Екі баланың өмірін жалмаған пәтердегі өртке қатысты Атырау облысының полиция департаменті тың ақпарат айтты,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицейлер өрт қойған ер адамды ұстады.

Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанармай құйылған ыдысты тапты. Жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен ыдыспен бензин сатып алған 31 жастағы ер адам бейнекамералардың көмегімен анықталды. Ол зардап шегушінің танысы болып шықты, - деп мәлімдеді полиция.

31 жастағы күдіктіге жедел іздестіру шарасы барысында Оралға бара жатқан жерінде ұсталды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында.  «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру фактісі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.