11 тамыздан бастап қаламыздағы мамандандырылған кітапханада ҚР Конституция күніне орай зағип және нашар көретін жандарға арналған "Сұраққа жауап" атты кітап көрмесі өтеді, деп хабаралйды skifnews.kz.
Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, көрмеде ҚР Конституциясы туралы кітаптар мен тіл, мәдениет, еңбек туралы заңдар, сондай-ақ мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы заңдар ұсынылған. Кітап көрмесі тамыз айының соңына дейін өтетін болады. Кітапхана Таха Хусейн көшесі 2/1 мекен жайында орналасқан.