$ 443.85  474.3  4.8

Израильде үй тонап жүрген қарақшы Қазақстанның азаматы болып шықты

Израильде қарақшылық әрекеті үшін күдікті ретінде 35 жасар Қазақстан азаматы ұсталды. Полицияның хабарлауынша, ол егде жастағы ерлі-зайыптылар мен жас қызды тонады деп айыпталуда, деп хабарлайды IzRus.

Жергілікті полицияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Израильде уақытша тұру құжаты бар Айдар Қасымов есімді Қазақстан азаматы Ха-Шарон аймағы із кесушілерінің ұзақ іздестіруінен кейін қолға түскен. Оның автокөлігін тінту барысында полиция өкілдері екі тапанша («Беретта» және «Смит пен Вессон») мен бас киім етіп тігілген бетперде, пышақ, сонымен бірге, қолды болған қымбат заттар мен ірі көлемдегі ақшалай қаражат тапқан.

Полицияның хабарлауынша, алдымен осы жылдың мамыр айында Ход ха-Шарон қаласында қыз тоналған. Айтуынша, қыз таң ертесімен ұйқыдан оянғанда бетперде жамылған тонаушыны көріп қалған. Тонаушы болса, қыздың қолын байлап, сақинасы мен алқасын жұлып алған. Артынша, қызды қылқындырып, сейфтегі сақтаулы ақшасын алып кеткен.

Қазақстандықтың екінші тонау әрекеті өткен айдың 23-і күні орын алған. Бұның алдында бірер күн бұрын ғана шал мен кемпірдің үйін тонап кеткен қазақстандық қарақшы сол үйге қайта айналып соққан екен. Екеуін байлап, ұрып-соғып, байлықтарын тартып алады.

Артынша, қазақстандық азаматтан табылған қымбат заттардың барлығын жәбірленушілер өз заттары екенін танып, қайтарып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары