26.04.2024, 22:30

Ақтауда 4 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Фото: Pixabay

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында болған.

Ақтауда 4 жастағы бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында 17 шағын аудандағы "Дукат" тұрғын үй кешенінде болғанын айтты.

Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Бала оқиға орнында алған жарақаттарынан тіл тартпай кеткен.  Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Тегтер: Ақтау