$ 439.4  473.54  4.76

Елена Рыбакина биыл әлемнің бірінші ракеткасы атана ала ма?

2024 жыл Рыбакина үшін сәтті өтіп жатыр, үш титул жеңіп, тағы екі финалға шықты.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

WTA рейтингінде төртінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биылғы маусымның соңына қарай рейтингтер кестесінде бірінші орынға жетуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жыл Рыбакина үшін сәтті өтіп жатыр, үш титул жеңіп, тағы екі финалға шықты.

«Әрине, бірінші орынға жету – менің мақсатым. Бірақ бұл басқа да теннисші қыздарға байланысты. Әзірге ойыным жақсы жүріп жатыр. Осы жылдың соңына дейін осы деңгейді сақтай алсам, ары қарай не боларын көреміз. Менің мақсатым – үлкен турнирлерде жақсы өнер көрсету. Әзірге алғашқы «Үлкен дулыға» жарысы мен үшін ойдағыдай өткен жоқ, сондықтан келесі жарыстар сәтті болады деп сенемін», - деді Рыбакина.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық Ига Швентек сенімді түрде иеленіп отыр. Оның 10560 ұпайы бар. Одан кейін Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (7848) мен америкалық Кори Гауфф (7258) келеді. Рыбакинаның еншісінде 6293 ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары