$ 443.44  480.51  4.88

Жібек Құламбаева Тунистегі турнирде чемпион атанды

Жарыста Ж.Құламбаева – нидерландылық Жасмин Гимбрере барлығы төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Хаммамет (Тунис) ITF W35 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыста Ж.Құламбаева – нидерландылық Жасмин Гимбрере барлығы төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Соның ішінде жартылай финалда эквадорлық Мария Фернанда Эрасо Гонсалес — алжирлік Инес Иббуді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Ақтық сында Жібек Құламбаева – Жасмин Гимбрере доданың 2-ракеткалары, аустралиялық Кайла Макфи – ресейлік Ксения Зайцевадан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары