$ 441.58  480  4.86

29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 сәуір, дүйсенбіде елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 29 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, найзағай кезінде екпіні 23 м/с болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 29 сәуірде оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары