$ 480.55  533.75  5.36

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Кирилл Кекер 2022 жылдан бері «Қайрат» командасының бас бапкері қызметін атқарды.

Фото: fckairat.com
Фото: fckairat.com

 «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, қазір клуб бас бапкер лауазымына жаңа кандидат іздеп жатыр. «Атырауға» қарсы өтетін келесі матчқа команданы қосалқы құрамдағы бапкерлердің бірі дайындайды.

Еске, Кирилл Кекер 2022 жылдан бері «Қайрат» командасының бас бапкері қызметін атқарды.

Алматылық клуб 27 сәуірде Қазақстан Премьер лигасының алтыншы туры аясында өткен ойында «Қайсардан» 1:0 есебімен жеңіліп қалған еді. Келесі кезеңде «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды. Қазір алматылық команда 8 ұпаймен турнир кестесінде 7-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары