Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ - 6:4.
Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.
Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры айқын басымдықпен бітірді - 6:1.
Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ - 6:4.
Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі.