29.04.2024, 19:20

Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі бастау алды

Фото: Кайрат Конуспаев

Қазақстан шахмат федерациясының dице-президенті Александр Бабенко турнирдің құрылымы мен ережелері туралы ақпаратпен бөлісті.

Шахмат турнирі барлық шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарын, Қоғамдық кеңес мүшелерін, ардагерлер кеңесі мен БАҚ өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Біз қала жұртшылығын шахмат турнирі қызықтырғанына қуаныштымыз. Жалпы, жарыс ҚР мәслихаттарының отыз жылдық мерейтойына орайластырылды. Осылайша біз алматылықтар арасында шахматты насихаттауға және тұрғындарымыздың зияткерлік әлеуетін дамытуға назар аударуға тырыстық. Әрине, республикалық турнирде жеңіске жетуге мақсаттымыз. Келесі жылы ойын одан да ауқымды болатынына сенімдімін», - деп атап өтті М. Отыншиев.

Қазақстан шахмат федерациясының dице-президенті Александр Бабенко турнирдің құрылымы мен ережелері туралы ақпаратпен бөлісті.

«Жалпы, жарыс үш кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңі 6 сәуірде Семей және Қостанай қалаларында басталып, мамыр айында Петропавл мен Ақтөбеде аяқталады. Қорытындысы бойынша әр өңірден жартылай финалға өтетін 25 үздік қатысушыдан тұратын команда құрылады. Үлкен финалдың өзі Астанада 29 тамызға жоспарланған», - деді А.Бабенко.

Сонымен, турнирде «Senat Open» кубогының чемпионы атағы үшін күресетін еліміздің ең мықты шахматшылары жиналады.

Алматыдағы тоғыз турдың қорытындысы бойынша тамыз айында жартылай финалда күресті жалғастыратын 25 үздік қатысушы анықталды. Соңында Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев қатысушылар мен жүлдегерлерге медальдар мен грамоталар табыстады.

Бұдан бөлек, іріктеу кезеңі аясында Алматы қаласының жас шахматшыларының ойын сеансы өтті. Айта кетейік, мегаполистің шахмат мәдениетін дамытудағы маңызды қадамға айналған турнир ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстандық Шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.