30.04.2024, 02:30

Жаттығу кезінде қарсыласын нокаутқа түсірген Жұмағұлов UFC-ге үн қатты

Фото: instagram/zhumagulov_zhalgas

Жұмағұлов X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жаттығу видеосын жариялады. 

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (16-9) жақын арада Oктагонға оралуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұмағұлов X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жаттығу видеосын жариялап, UFC матчмейкері Мик Мэйнардқа үн қатты.

"Жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда айқасқа шығу мүмкіндігі:

Мен:

Маған сенсең болады, Мик Мэйнард", - деп жазыпты Жұмағұлов телефон бейнеленген эмодзиді қоса бекітіп.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жалғас Жұмағұлов бірінші раундта аяғы сынса да қарсыласын жеңді (ВИДЕО)