Айтуынша жолдасы 20 жылға бас бостандығынан айырылған.
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзіне келген хаттардың бірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қыз зорлап, оны өлтірген жолдасына адалдығын сақтап, қайын жұртының үйінде жүрген әйел хатта түрмедегі күйеуінен зәбір көріп жүргенін жазған.
Айтуынша жолдасы 20 жылға бас бостандығынан айырылған, ол түрмеде отырса да келіншегіне сенбей, оған тыныштық бермейтін көрінеді.
Түрмеде отырса да маған неше түрліні айтып, кінәлайды. Мен балам әкесіз өспесін деп оның үйінде жүрмін. Туысқандары күйеуімнің қамалғанына мені кінәлайды. Осы кезге дейін үзбей түрмеге барып тұрамын. Адалмын. Баламмен ант етемін,- делінген хатта.
Сондай-ақ хатта келіншек шыдамының таусылып, өлгісі келетінін жазған.