$ 472.62  513.22  5.43

Бүгіннен бастап электронды цифрлық қолтаңба өзгереді

Енді ЭЦҚ әдеттегідей 2 емес, бір ғана GOST файлынан тұрады.

Фото: gz.mcfr.kz
Фото: gz.mcfr.kz

Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба беру тәртібіне қатысты құжатқа енгізілетін өзгерістер бүгіннен, яғни 30 сәуірден бастап күшіне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соған сәйкес, Қазақстан ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшеді. 

Жаңа стандарт аясында қазақстандықтар 30 сәуірден бастап электронды цифрлық қолтаңба алғанда жүйеге кіруге арналған AUTH RSA және қол қоюға мүмкіндік беретін RSA файлдарының орнына бір ғана GOST файлы ұсынылады. Бұл файл аталған екі қызметті де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни енді ЭЦҚ әдеттегідей 2 емес, бір ғана GOST файлынан тұрады. Ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де жарамды.

Бұл ретте бұған дейін алынған қос файлды электронды цифрлық қолтаңбаны ауыстырудың қажеті жоқ екенін еске саламыз. Олар белгіленген уақыты аяқталғанға дейін жарамды болады. 

Бүгінгі күні Ұлттық куәландыру орталығы ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады", – делінген Ұлттық куәландыру орталығының хабарламасында. 

Сондай-ақ, жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары