30.04.2024, 18:00

Қазақстанда күн күрт суытады

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК өкілінің айтуынша, Қазақстанда ауа температурасы төмендейді.

Биыл 1-2 мамырда Қазақстанда күн күрт суытады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«1-2 мамырда солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта қатты жауын-шашын болады, түнде жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Еліміздің оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді. Түнде солтүстік-шығысқа тұман түседі деген болжам бар», - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.

«Қазгидромет» РМК өкілінің айтуынша, Қазақстанда ауа температурасы төмендейді.

«Солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы күрт төмендейді. Күндіз ауа температурасы 0 және +5 градус жылы болады. Суық ауа температурасы біртіндеп оңтүстікке жылжиды. Онда түнде +2-7 градус жылы болады. Биыл 30 сәуір-4 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болып, сел жүріп, өзендерде судың деңгейі көтерілуі мүмкін», - деді «Қазгидромет» РМК өкілі.

Еске салсақ, бұрынғылар «бесқонақта» күн райы бұзылып, жаңбырлатып, қарлатса, жақсылыққа жорыған. Демек алдағы жаз жақсы болады. Егер «бесқонақ» тыныш өтсе, жаз айы жан мен малға жайлы бола қоймайды.