01.05.2024, 02:30

11 жасар қыз бір жыл жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде берді

Фото: Видеодан алынған кадр

Ақшамен қоса арнайы хат та жазып жіберген.

Кентаулық оқушы қыз бір жыл жинаған қаражатын Құлсарыға көмек ретінде берді. Бүгін Гауhар Шәймерден есімді оқушы "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонына қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гауһар Шәймерден өзінің 1 жыл бойы жинаған қаражатын көмек қабылдаушыларға табыс етті. Ақшамен қоса арнайы хат та жазып жіберген.

"Мен сіздердің ауыр жағдайларыңызды көріп, қатты уайымдадым. Сіздер қазақтың батыр ұлдары мен қыздарысыздар. Сондықтан бұл қиындықтан аман-есен өтетіндіктеріңізге сенімдімін", – деп жазған жасөспірім.

Гауhар Шәймерден смартфонсыз да қалмады. Ол  "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонының эфирінде өзі армандаған телефонды сыйға алды.

"Арманыма жеткеніме қуанып тұрмын. Мен бұлай береді деп ойламадым. Алғысымыз шексіз", - деді оқушы.