$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының туған күні

2011 жылы қазақ тіліндегі Уикипедия қауымдастығын дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін Wikipedia әлемдік интернет-энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэльстің жеке сыйлығымен марапатталды. 

Фото: e-history
Фото: e-history

«Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

45 жыл бұрын (1979 жылы) Bilim Media Group электронды білім беру компаниясының негізін қалаушы және басшысы, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы дүниеге келді.

Ол Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін - халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (2001), Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын - іскерлік әкімшілік мастері мамандығы бойынша (2004), сондай-ақ, АҚШ-тағы Гарвард университетінің Халықаралық қатынастар орталығының Дж.Кеннеди атындағы басқару мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Ұлттық дебат орталығында координатор ретінде бастаған.

2002-2005 жылдары «Хабар» агенттігінің Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редакторы, Ресей Федерациясы бойынша меншікті тілшісі, 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы, 2006-2008 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры, 2008-2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2010-2011 жылдары АҚШ-тағы Гарвард университетінде лингвистика департаментінің оқытушысы болып қызмет атқарған.

2011 жылдан бастап «Bilim Media Group» компаниясының директоры қызметін атқарды, «Wikibilim» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы. 2014 жылы желтоқсан мен 2016 жылы тамыз айына дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. «Ұлтық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры (2017 жылдан). 2018 жылы тамыз айынан бастап Nur Otan партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды. Қазақ, орыс ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген.

2011 жылы Уикипедия қорының жыл сайынғы халықаралық конференциясында қазақ тіліндегі Уикипедия қауымдастығын дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін Wikipedia әлемдік интернет-энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэльстің жеке сыйлығымен марапатталып, жыл Уикипедияшысы (Wikipedian of the Year) атағы берілді. Бұл сыйлық алғаш рет табыс етілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары