$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 1995 жылдың 18 қазанында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі күні бекітілді.

Фото: unikaz.asia
Фото: unikaz.asia

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылдың басындағы статистикасы бойынша, Қазақстанда халық саны 20 033 842 адам. Еліміздегі халықтың 70 пайыздан астамы (14 220 321) қазақ ұлтынан тұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан халқының жартысынан астамы (12 451 192 адам) қалада тұрады, ауылдарда тұратын адамдардың саны – 7 582 650.

Сонымен, елімізде қазақтардың үлесі – 70,9 пайыз;

Орыстар – 14,8%;

Өзбектер – 3,2%;

Украиндар – 1,8%;

Ұйғырлар – 1,5%;

Немістер – 1,1%;

Татарлар – 1,0%;

Әзербайжандар – 0,7%;

Корейлер – 0,6%;

Түріктер – 0,4%;

Дүнгендер – 0,4%;

Беларустар – 0,3%;

Тәжіктер – 0,2%;

Күрдтер – 0,2%;

Қырғыздар – 0,1%;

Ұлтын көрсетпегендер – 0,3%;

Басқа этностар – 0,2%;

Еске салсақ, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 1995 жылдың 18 қазанында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі күні бекітілді.

Бастапқыда бұл күн «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» деп аталды. Ол кезде Қазақстан халқы ассамблеясының атауында да көптік жалғау болды. Кейінірек өзгеріс енгізіліп, көптік жалғау алынды. Оның мақсаты – Қазақстан халқының біртұтас ел екенін көрсету.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, елімізде ұлтаралық бірлік пен достықты нығайтуға арналған тағы бір мереке бар. Ол – Алғыс айту күні.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары