Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.
Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін хабарлады. Алматыдағы түсірілім 20-30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.
Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ.
Айта кетейік, Netflix – кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші платформа.
Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.