$ 494.87  520.65  4.91

Найзағай, жаңбыр, үсік: 3 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Тұрақсыз ауа райы сақталады.

Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертеңге, яғни 3 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазқстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райын сақталады, найзағаймен жаңбыр, түнгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, батыстың, оңтүстіктің жекелеген аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде дауыл, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 03 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 03 мамырда облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. 03 мамырда облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 03 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары