$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетші туралы әріптесі сұмдық деректерді айтты

Өйткені ол кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан.

Фото: atpress.kz
Фото: atpress.kz

Алматыдағы мәйітханада өлген адамдарға зорлық жасаған күзетші туралы әріптестері айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz-тің жазуынша адам мүрделерімен жыныстық қатысқа түскен күзетші дау шыққан мекемеде 2023 жылы жұмыс істеген екен. Әріптестерінің айтуынша, психикалық ауытқуы болуы мүмкін. 

«Ол кісінің әке-шешесі жоқ. Бізге мәйітхананың ішіне кіруге рұқсат жоқ. Біз сыртта қақпаның есігін ашамыз, жабамыз. Бірақ ол кісі сол кезде жұмыста болған, сол сәтте ғимаратқа кірген шығар. Бәлкім сол кезде өзінің әрекетін іске асырған. Мен кеше ғана естідім де таңғалдым. Ол кісі «психикалық ауытқуы бар адамдардың есебінде тұрған» дейді. Өйткені кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан деп естідім. Сіздерге беретін ақпарат осы ғана», – дейді мәйітханадағы күзетші әйел. 

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда күзетші мәйітханада өлген адамдарды зорлады деген күдікке ілінді

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі дереу ресми пікір білдірген болатын.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», – деді Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары